Түркістанда дәрігерлер бауырын құрт басқан жүкті әйелді шаранасымен бірге аман алып қалды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Босану мерзімі келген жиырма алты жастағы жүкті әйел Түркістан облыстық клиникалық ауруханасына ауыр халде жеткізілген. Эхинококты кистасы жарылу қаупінен ана мен бала өмірі қыл үстінде тұрған, деп хабарлайды ҚазАқпарат қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. .

Дәрігерлер уақыт жоғалтпай күрделі ота жасауға бел буады. Облыстық клиникалық аурухана мен №1 облыстық перинаталды орталығының білікті мамандары бірлесіп, бірден екі операция жасаған.

Отаға жетекшілік еткен - облыстық клиникалық аурухананың дәрігер-хирургы Жеңіс Серғазин. Білікті мамандар әйелді кесарь тілігімен босандырып болған соң сол жақ бауырын қаптаған құрттан лапаротомия әдісі арқылы тазалаған.

Төнген қауіпке қарамастан ана мен бала дін аман. Салмағы 3 келіден астам қыз бала дүниеге келді. Сәби қазір перзентханада дәрігерлердің бақылауында. Анасы облыстық клиникалық ауруханада ем қабылдауда.

Екеуінің де жағдайы бірқалыпты. Науқас әйел он күн емделіп болған соң перзентімен қауышады.

Жалпы, бұл - ауруханада бауыр құртына жасалып отырған биылғы екінші ота.


Соңғы жаңалықтар