Түркістанда бүгіннен бастап жылыту маусымы аяқталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда бүгіннен бастап жылу беру маусымы тоқтатылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдіктің хабарлауынша, «Жылу» мекемесі осылайша қордағы 327 тонна көмірді үнемдеген. Келесі маусымнан бастап Түркістандағы жылу жүйесінде қатты отыннан сұйық отын, яғни, газбен іске асатын 3 қазандық болады. Нәтижесінде денсаулыққа және экологияға оң әсерін тигізбек. Қала әкімі Рашид Аюпов сондай-ақ, түнгі бақылау жұмыстарын жүргізді.

Шаһар басшысы алдымен қоғамдық көліктегі залалсыздандыру жұмыстарының талапқа сай жүргізілуін бақылап, оларға орнатылған GPS құрылғыларының жұмысын көрді. Теміржол вокзалы мен аумағындағы аллеяның құрылыс жұмыстарын да көріп шықты. Мұнда келушілерге жайлы жағдай жасау қажеттігі ескертілген. Жуық арада құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Сонымен қатар, аталған орындарда COVID-19 індеті таралуының алдын алу шараларын да жіті тексеріліп жатыр. Әкім мұнда залалсыздандыру, тазалық сақтау, антисептиктер мен медициналық бетперделердің ондай орындарда болуы қажеттігін айтты.

Рейд барысында дүкен, тойхана, дәмханалардың уақытылы жабылуын қадағалау барысында бір дүкеннің жұмыс жасап жатқаны белгілі болып, полиция тарапынан ескерту берілді.


Соңғы жаңалықтар