Түркістанда аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы Түркістан облысының орталығында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Әз-Наурыз мейрамына орай аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Наурыз мерекесін атап өту іс-шарасы аясында қауымдастық өкілдері мен Түркістан қаласындағы жаттықтырушылары және спортшылары дендросаябаққа қарағай, шырша, қара ағаш сынды 100-ге жуық көшет отырғызды. Шараға «Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің құрметті президенті, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы, генерал-майор Әбілсейіт Дүйсебаев қатысты.


«Әрине, кішкентай ғана ісіміз арқылы Түркістанның гүлденуіне үлес қосуды мақсат еттік. Қолымыздан келгенше көпшілікке үлгі болуға тұрарлық әрекет жасағымыз келді. Болашақта көшеттер бауға айналып, қала тұрғындары мен қонақтары саясында демалатын жерге айналса біз үшін қуаныш болары анық. Негізінен 30 данадан үш түрлі көшет егудің өзіндік мәні бар. Баршаға мәлім, биыл ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы. Сондықтан, Егемендікке тарту болсын деген ниеттеміз», - деді Әбілсейіт Дүйсебаев.

Сондай-ақ облыс орталығында Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының мүшелері қайырымдылық шарасына қатысты. «Мейірімді істер күні» акциясы аясында аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.


Соңғы жаңалықтар