Түркістанда алғаш рет «Күзгі марафон» қайырымдылық шарасы өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда алғаш рет «Күзгі марафон» қайырымдылық шарасы өтті. Спорттық шараға Түркістан облысында орналасқан барлық құқыққорғау органдарының және заң саласының 300-ден астам қызметкері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған шара «Мейірімділік үлгісі» акциясы аясында өтті. Марафонға қатысқандардың арасында облыстық Полиция департаментінің бастығы, генерал Қ.Дәлбеков пен облыстық соттың Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Т.Бекімбетовтер және басқа да лауазым иелері болды.

Әрбір қатысушы ерікті түрде 1000 теңгеден және одан жоғары қатысу жарнасын төледі. Киелі өңірде алғаш рет өткізілген қайырымдылық марафонында қатысушылар «Президенттік миль» - 2400 метр қашықтықты жүгіріп өтті. Жарыс жеңімпаздары кубокпен және арнайы жүлделермен марапатталды.

Шара соңында марафоннан түскен 500 мың теңгеге жуық қаражат «Түркістан Жоғары медицина» колледжінде білім алып жатқан әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан жасөспірімдердің оқу ақысын төлеуге бағытталды. Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мақсатында өткен шарадан түскен қаржы сондай-ақ, тұрмысы төмен, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жұмсалды.




Соңғы жаңалықтар