+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Түркістанда 6 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілді

2020 жылғы 15 қаңтар 18:04
Бөлісіңіз:
Түркістанда 6 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Өткен жылы Түркістан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 550,6 мың шаршы метр болып белгіленсе, жыл қорытындысымен 620,4 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 5846 пәтер ел игілігіне берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«5-10-20» тұрғын үй бағдарламасы бойынша несие беру басталды Ақтөбеде «5-10-20» бағдарламасы бойынша алғашқы адам баспана алды Кентау қаласында жыл соңына дейін 600 отбасыға баспана берілмек

Аталған 5846 пәтердің 176-сы қызметтік тұрғын үй, 2432-і арендалық, 2737-сі - жеке тұрғын үйге, 501-і жеке салушыларға тиесілі. Нәтижесінде жыл басында межеленген жоспар 129%-дан артық орындалған.
Бұдан бөлек, биыл Түркістан облысында сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үй қорын құру бойынша мемлекеттік бюджет есебінен 64 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, жыл соңына дейін олардың 44-і пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, былтырдан бері облыста мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 5,6 млрд теңге болатын 7 қабатты 48, 72 және 84 пәтерлі 24 облигациялық тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда.


Сондай-ақ, ӘКК «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 47 тұрғын үйдің (жалпы ауданы 112,6 мың ш.м, 1701 пәтер) құрылысы жүргізілуде.
Мұнан бөлек, жеке салушылар арқылы 5,9,12 қабатты 3286 пәтерлік 65 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT