+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Түркістанда 5 адамның газдан уланып көз жұмуы: Сот отырысы басталды

2021 жылғы 13 қыркүйек 21:02
Бөлісіңіз:
Түркістанда 5 адамның газдан уланып көз жұмуы: Сот отырысы басталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда газдан уланып, бір отбасының 5 мүшесі мерт болуына байланысты сот отырысы басталды. Алғашқы сот отырысында тұрғын үйге газ құбырларын кіргізген және жалған техникалық құжат жасаған екі фирманың басшысына айып тағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент тапсырмасы: Елордада үш буынды сот жүйесі қалай жұмыс істеуде Елордада қылмыстық істердің 70% астамы электронды форматта қаралып жатыр Жүкті әйелді өлтіргені үшін 20 жылға сотталды - Павлодар облысы

Айыптау актісін оқыған прокурордың мәліметінше, ешбір жерде істемейтін екі дәнекерлеуші сол үйге газ құбырларын кіргізу жұмыстарын жүргізеді. Алайда шымкенттік фирма директоры ол жұмыстарды көрместен-ақ барлығын талапқа сай етіп, құжаттарын жасап берген. Екінші айыпталушы да құбырлар талапқа сай орнатылған және қауіпсіздік ережелері сақталған деп техникалық құжат жасап берген болып шықты. Сонымен қатар елімізде рұқсат етілмеген иран пешін орнатқанын жасырып, тіпті үйге газ иісін анықтайтын арнайы құрылғы қойылған деп құжатқа жалған мәліметтер толтырғаны анықталған. Қазір екі компания басшыларына қатысты Қылмыстық кодекстің 306 баптың үшінші бөлігі және 385- ші бапты 1-ші бөлігі бойынша айыптар тағылуда. Олардың кінәләрі дәлелденсе, төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, Түркістанда 27-ші ақпан күні жеке үйлердің бірінен 41 жастағы анасы мен төрт перзентінің мәйіті табылған болатын. Арнайы жүргізілген сот-медициналық сараптама қортындысы марқұмдардың өліміне газдан улану себеп болғанын анықтаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT