Түркістанда 1500 оқушы бір мезгілде күй тартты

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат-Түркістан төрінде 1500 оқушының орындауында Құрманғазының «Балбырауын» күйі орындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың өнерлі балалары «Dombyra Party» флеш-мобына қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Халық көп шоғырланған ортада, ашық аспан астында ұйымдастырылған ауқымды шара аясында қазақтың төл аспабын насихаттап, ұлттық өнерді паш етті.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев балаларды мерекемен құттықтап, республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздарын марапаттады. Қазақстан эстрада жұлдыздары «Заман» тобы мен әнші Айдар Байжанов және Түркістан облысының талантты оқушылары өнерлерін көрсетті.

Балаларға тегін балмұздақ пен тәттілер таратылды. Сондай- ақ мерекеге орай «drone challenge» және «robo fest» көрмесі ұйымдастырылып, жас қылқалам шеберлерінің салған таңдаулы суреттері насихатталды.


Соңғы жаңалықтар