Түркістан тұрғыны тыйым салынған діни ағымды насихаттағаны үшін жазаланды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге деструктивті ағымның аудиожазбасын тарату дерегін анықтады. Жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары осы аудиожазбаларды таратып жүрген тұрғынды тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдің полиция қызметкерлері аталған материалдарды таратып-жеткізуші күдіктіні анықтап, Жетісай полиция бөліміне жеткізді. Тергеу барысында оның деструктивті-діни ағымды ұстанушы ретінде есепте тұратыны анықталды.

Жауап алу кезінде ол өзінің теріс әрекетін толық мойындап, аталмыш аудиожазба деректерін полицейлердің алдында өшіріп тастады. Себебі, бұл дәрістерге Ақтөбе облыстық сотының қаулысымен 2019 жылы тыйым салынғаны белгілі болды.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл материалдардың ҚР заңнамасына қайшы келетіні анықталған. Аудиожазба елдегі Конституциялық құрылымды күштеп өзгертіп, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған. Сондай-ақ, соғысты және араздықты насихаттайтыны айқындалған. Сот шешімімен ер адам ҚР ӘҚБтК 453-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар