Түркістан тұрғыны блокпоста тұрған полицейлерге қарсылық көрсеткен

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан тұрғыны блокпоста тұрған полицейлерге қарсылық көрсеткен. Ол өзін көліктен шығуды талап еткен тәртіп сақшыларына бағынбастан, дөрекі мінез танытқаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай Түркістан қаласында орналасқан блокпоста орын алған. Патрульдік полиция инспекторлары бекеттен өтіп жатқан әрбір көлікті тоқтатып, жүргізушілердің құжатын тексерген.

Алайда «Лексус» маркалы автокөлігінің жүргізушісі полицейге қарсы түрлі жаман сөздер айтып, балағаттаған. Осылайша тәртіп бұзушының іс-әрекеті ҚР ҚК 378-бабының 1-бөлігінде көрсетілген «Билік өкілін қорлау» бойынша тіркеліп, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар