Түркістан-Шымкент-Ташкент жоғары жылдамдықты темір жол магистралі салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан-Шымкент-Ташкент бағдары бойынша жоғары жылдамдықты темір жол магистралінің құрылысы басталады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет жеке капиталдың қатысуымен басым аумақтарда туристік инфрақұрылым құру бойынша белсенді шараларды қабылдап жатыр. Биыл 1,1 трлн теңгеге инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмысы басталады. Келешегі зор туристік дестинация ретінде экотуризмді, ұлттық парктерді дамыту бойынша кешенді шаралар қабылданады. Туристер легін арттыру үшін Түркістан-Шымкент-Ташкент бағдары бойынша жоғары жылдамдықты темір жол магистралінің құрылысы басталады», - деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, бұл туризм саласында 22 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Ал экономиканың аралас салаларында 100 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

«Ішкі туристер легі 22 пайыз өсіммен шамамен 4,5 млн адамға жетеді. ЖІӨ-дегі туризм үлесі 5,2 пайыз болады», - деді Үкімет басшысы.


Соңғы жаңалықтар