Түркістан өңірінде департамент басшылары «Адал көмек» жобасы аясында кеңес беруде

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Адал көмек» жобасы аясында барлық мемлекеттік орган басшылары онлайн форматта өңір тұрғындарын толғантқан мәселелерді шешу үшін азаматтармен кері байланыс орнатуға белсенділік танытып отыр. Олар әлеуметтік желілер арқылы «тікелей эфирге» шығып, халыққа ақпараттық бағыт-бағдар беруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқылардың бірі болып халық пен билік арасында ашық диалогтық алаң орнатуды мақсат еткен облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов тікелей эфирге шығып, маңызды ақпараттармен бөлісті. Ел аумағында тараған қауіпті вирустан қорғанудың жолдарын жеткізіп, «Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитарлық-дәрігерінің қаулысын облыс тұрғындарына таныстыру» тақырыбы аясында әңгімелеп берді. Сондай-ақ, облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, подполковник Ерік Сарыбаев тікелей эфирде қойылған қала тұрғындарының сауалдарына нақты жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Айта кетейік, алдағы уақытта «Адал көмек» жобасы аясында Түркістан өңіріне қарасты барлық мемлекеттік орган басшылары онлайн форматта толымды ақпарат беріп отыратын болады.


Соңғы жаңалықтар