Түркістан облысының туристік нысандарына саяхат жасау уақытша тоқтатылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының туристік нысандарына саяхат жасау уақытша тоқтатылды. Бұл шаралар ең алдымен халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау және вирустың таралуының алдын алу мақсатында қолға алынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміз бойынша тарихи-мәдени орынға бай саналатын өңірде 1600-ден аса нысан бар. Облыс аумағы тарихи орындармен қатар, тылсым табиғатқа да ие. Мәселен, Қаратау және Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорықтары мен Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі, Сырдария-Түркістан табиғи аумақтық паркіне келуші туристер қатары көбеймесе азайған емес. Коронавирус инфекциясының кең таралмауының алдын алу мақсатында қонақүйлер мен мейрамханалар, хостелдер, тамақтану орындары, шипажайлар және басқа да халықтың көп шоғырланатын, туристік сервис ұсынылатын орындарда қатаң түрде санитарлық нормаға сай залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Казіргі кезде Сарыағаш ауданында 47 шипажай ғана жұмыс істеп тұр. 34 нысан төтенше жағдай орын алғанға дейін жолдама алған азаматтарға ғана қызмет көрсетуде. Аталған нысандардың барлығында вирусқа қарсы профилактикалық-санитарлық шаралар жүзеге асуда.


Соңғы жаңалықтар