Түркістан облысының Түлкібас ауданына «Рухани керуен» келіп жетті

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы «Рухани керуен» Жетісу жерінен Түркістан облысының Түлкібас ауданына келіп жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Керуенді аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев пен аудандық мәслихат хатшысы С.Сейсенбаев бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары қарсы алды. Жамбыл облысының шекарасынан қонақтарды қуана күтіп алған жергілікті халық қонақжайлылықтарын көрсетті. Жетісулықтар өңірінен сол маңда орналасқан стелланы аралап, облыс аумағындағы барлық ауданның төлқұжаттарымен танысты. Шара барысында аудандық мәдениет бөлімінің қызметкерлері тарапынан патриоттық тұрғыдағы әндер орындалып, қонақтарға Түлкібастың алмасы мен түрлі тағамдар ұсынылды. Айта кетейік, ағымдағы жылы «Рухани керуен» жобасының ІІІ кезеңі 6 бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Алматы облысына қарасты 11 ауданының шекара аймақтарын қамтыды. Биылғы жылы «Рухани керуен» жобасының арнасы кеңейтіліп, «Жер жәннаты – Жетісу жерінен Түркі халықтарының киелі мекені – Түркістан өңіріне» сапар шегу жоспарланды. Жобаның мақсаты Қазақстан халқының дәстүрлі рухани мәдениетін елімізде ілгерілету, мемлекетіміздің рухани тірегі болған асыл дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын дәріптеу болып табылады. Сапардың мақсаты - Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, әріптестік байланысты нығайту, салт-дәстүрлеріміз бен тағылымы мол тарихымызды дәріптеу, оларды қастерлеу.

Соңғы жаңалықтар