Түркістан облысының Төлеби ауданында көпқабатты 9 үй бой көтерді

None
None
ЛЕҢГІР. ҚазАқпарат - Төлеби ауданының Ленгір қаласындағы 1-мөлтек ауданында бес қабаттан тұратын 9 үйдің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20 пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қас бетін әрлеу және шатырын жабу жұмыстары аяқталуға жақын.

Жалпы тұрғын үйдің аумағы - 11 000 шаршы метр.

Құрылыс жұмыстарын жүргізуге үш мердігер мекеме тартылып отыр.

Құрылыс барысы аудан әкімі Төлеген Телғараевтың тұрақты бақылауында.

Мердігер компания басшымен кездескен Төлеби ауданының әкімі құрылыс сапасын басты назарда ұстауды ескертті.

Жалпы, Леңгір қаласы бойынша 100-ге жуық көпқабатты тұрғын үй бар.


Соңғы жаңалықтар