Түркістан облысының машина жасау саласына инвестиция тартылмақ

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бастаған арнайы жұмыс тобы Ресей Федерациясының Челябі облысына жұмыс сапарымен барып, «УРАЛ» автомобиль зауытының өндірістік нысандарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Урал» автомобиль зауыты мен «Урал» АЗ сауда үйінің басшылығымен кездесу барысында тараптар Түркістан облысында «Урал» брендімен жүк автомобильдері мен арнайы техниканы құрастыруды ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады. Түркістандық делегация жаңа технологиялық шешімдер мен экономиканы ғана емес, өңдеу өнеркәсібін, атап айтқанда, автомобиль жасау саласын дамыту бойынша озық әлемдік тәжірибені енгізуге ерекше мән берді.

«Көп жылғы тәжірибені, сондай-ақ автомобиль зауытының айрықша имиджін ескере отырып, біз оларды өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу үшін Түркістан қаласына шақырдық. «Урал» компаниясының өкілдері жоғары қызығушылық таныта отырып, ағымдағы жылдың ақпан айының екінші жартысында біздің өңірге жұмыс сапарымен келуге шешім қабылдады. Сонымен қатар, біз Челябі облысы губернаторының орынбасары Егор Ковальчукпен кездесу өткіздік. Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен жиын кезінде біз өңірлеріміз арасында сауда-экономикалық қатынастар орнату мәселелерін ортаға салдық»,- дейді облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.


Айта кетейік, Ресей-Қазақстан қатынастары көптеген салаларда қарқынды дамуда. Бұл сапар Түркістан өңірінде машина жасау саласының дамуына жаңа серпін берді. Негізгі мақсат екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға және Челябі облысымен тығыз сауда-экономикалық қарым-қатынас орнатуға бағытталған.


Соңғы жаңалықтар