+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Түркістан облысының диқаншылары қырыққабат егуді бастады

2020 жылғы 20 қаңтар 14:58
Бөлісіңіз:
Түркістан облысының диқаншылары қырыққабат егуді бастады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының диқаншылары қырыққабат егуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл 1 мыңнан астам ауыл жылдамдығы жоғары мобильді интернетпен қамтылады Төлеби ауданының әкімі ауыл тұрғындарының мәселелерімен танысты СҚО-да «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл 18 жоба жүзеге асады

Мақтаарал ауданының шаруалары қаңтардың қақ ортасында диқаншылықты бастап жіберді.

Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқанына қазірдің өзінде 10-нан астам бригада қатысып, қызу жұмыстар жүруде.

Егінді ерте бастаған серіктестіктің бірі – шаруа қожалығы. Серік Сәдуовтың басшылығындағы қожалықтың еншісінде 4,5 гектар жер бар, соның барлығына қырыққабат дақылы егіліп жатыр. Жалпы саны 60 адамнан құралған бригада қаңтардың әрбір күнін тиімді пайдаланып, жауын-шашынға қарамастан жұмыс істеуде. Өнім негізінен 2 айдың көлемінде пісіп жетіледі. Сондай-ақ, шаруа қырықабаттың 90 күнде жетілетін сортын да еккен.
Мақтааралдық диқандар негізінен салмағы 1-1,5 келіден аспайтын қырыққабаттың пандион, ринда, фарао сұрыптарын отырғызуда. Ерте пісетін өнім түріне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс көп. Қазірдің өзінде «Мақтарал» ауылдық округінде 50 гектардан астам жерге қырыққабат егілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT