Түркістан облысының Call-орталығына екі аптада 37 мың адам хабарласты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы әкімдігінің жанынан құрылған Call-орталыққа өңір тұрғындарынан 37 мыңнан астам қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім еткендей, «109» номеріне хабарласқан азаматтардың дені төтенше жағдай кезінде аудан қалалардағы тұрғындардың жүріп-тұруы, азық-түлік бағалары, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік мекемелердің жұмыс кестесі, көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға және мүгедектерге Үкіметтен берілетін әлеуметтік көмек жайындағы сауалдармен хабарласқан.

Ел бойынша жарияланған төтенше жағдайға байланысты 23 наурыздан бастап тұрғындардың сауалдарына жедел жауап беру мақсатында облыс әкімдігінің жанынан Call–орталық құрылды.

Бүгінде орталық тәулік бойы 24/7 форматында тұрғындардан қоңыраулар қабылдап жатыр. Жиналған барлық сауалдарды операторлар салалық құрылымдарға жолдап, дер кезінде кері байланыс орнатып, жұмыс істеп келеді.


Соңғы жаңалықтар