Түркістан облысының блокбекеттерінде 44 мыңға жуық жолаушы тексерілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының блокбекеттерінде 17 мыңнан астам көлік пен 44 мыңға жуық жолаушы тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

18 наурыздан бастап Алматы және Қызылорда бағытындағы шекаралық аймақтарда орналасқан «Сауран» және «Шақпақ» бекеттерінде короновирус дертіне байланысты тәулік бойғы блокбекеттер қойылды.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жалпы Түркістан облысы бойынша 30 блокбекет орнатылған. «Бұл бекеттерде полицейлер және медицина мамандары әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуын өлшеп, тексерістен өткізуде. Одан бөлек әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандар мен адам көп жиналатын қоғамдық орындардың жұмыс жасау режимі өзгертіліп, шектеулер қойылды», - деді ведомстводан.

Атап өтілгендей, республикалық маңызы бар жолдарда орналасқан «Сауран», «Шақпақ» блокбекеттерінде 26 наурыздағы есеп бойынша, 17 мыңнан астам көлік пен 44 мыңға жуық жолаушы тексерілді. Аталған аймақтарда полицейлер сағат сайын бақылау жасап, кезекшілікпен қызмет атқаруда. «Осы ретте, төтенше жағдайға байланысты облыстың әрбір тұрғынына адамдар көп шоғырланатын той-жиындар, кішігірім отырыстар мен іс-шараларды тоқтата тұрып, үйден шықпауға және мүмкіндігінше барлық қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырамыз», - деді ПД-дан.


Соңғы жаңалықтар