Түркістан облысының бас полицейі 150-ден астам азаматты қабылдады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» ұйымдастырылды. Аталған шара аясында облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындармен «ZOOM» интернет платформасы арқылы тілдесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тұрғындардың мәселесін шешу мақсатында жоспарланған шараға департамент бастығынан бөлек орынбасарлары мен полиция басқарма, бөлімдерінің басшылары қатысты. Қабылдауға жазылған азаматтардың бір бөлігі тікелей эфир арқылы өздерінің арыз-шағымдарын жеткізсе, енді бірқатары тергеушілердің тиянақты жұмысына алғыстарын білдірді. Арасында ішкі істер органына қызметке орналасу бойынша өз сауалын жолдағандар да болды. Департамент бастығы азаматтардың мәселесіне мән беріп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді. Яғни, алдағы уақытта тұрғындар тарапынан түскен әрбір сауал бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілетін болды.
«Полиция халыққа қолжетімді болуы тиіс. Әсіресе жұртқа жақын болуда учаскелік полицейлерге артылар жүк аз емес. Олар әрдайым өз аумағындағы азаматтардың арыз-шағымына ден қойып, қылмыстардың алдын алу жұмыстарын жүргізіп отыруы керек»,-деді Қайрат Дәлбеков.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірдің бас полицейі 158 адамды қабылдаған болатын. Оның ішінде 69 тұрғынға онлайн-режимде жауап берді. Олардан түскен сұрақтардың басым бөлігі өз мерзімінде шешімін тапқан.
- Еліміздегі ломбардтар мен микроқаржы ұйымдарына 5,7 млн теңге айыппұл салынды
- Түркістан облысында 7 аурухана салынып жатыр
- Түркістан облысында құны 1 млн теңгеден астам күркетауықтарды ұрлап кеткен
- Қазақстанда министрліктердегі жауапты хатшылар институты ресми түрде жойылды
-
Жетісайлық диқандар қырыққабат егуді бастады
-
Жетісайда адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам