Түркістан облысының 45 тұрғыны солтүстік өңірлерімен танысу үшін жолға шықты
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев тұрғындарды шығарып салу барысында солтүстік өңірлерге оңтүстік халқының қоныс аударуының стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларды жеткізді.
Қоныс аударған жағдайда азаматтарға жасалатын қолдауларды (баспана, жұмыс орны, жер) көзбен көріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге белсенділік танытуға шақырды.
Айта кетейік, солтүстік облыстарға көш-қон бағдарламасы басталған 5 жылдың ішінде 20 мыңдай адам көшіп барған. Оның 6 мыңы – Түркістан облысының тұрғындары. Яғни 1700 отбасы қоныс аударған.
Яғни, «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және жергілікті әкімдіктер арқылы жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылуда. Осы бағытта «Еңбек» бағдарламасының ұйымдастыру, насихат жұмыстары жанданып отыр.