Түркістан облысындағы тау шатқалында тұманнан екі адам адасқан

None
None
ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы Ақсу тау шатқалында адасқан екі адам құтқарылды. Олар Ханарық ауылынан 3 шақырым қашықтықтағы шатқалға барып, тұманнан қайтар жолды таба алмай қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жолдан адасқан екі ер адамның бірі кешкі сағат 20:30-да жұбайына хабарласқан. Келіншегі болған жағдайды айтып, құтқару қызметінен көмек сұраған.

«Оқиға орына облыстық ТЖД-нің 4 қызметкері 1 техникамен жетті. Олардың жедел әрекет етуінің арқасында түнгі сағат 00:15-те 33 жастағы екі ер адам да табылды. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар