Түркістан облысында жыл басынан бері 20 бала суға кеткен

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында биыл жазатайым оқиғалар бойынша 27 адамның суға бату фактісі тіркелді. Оның 20-сы - жас балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы 5 жылда, яғни 2016-2020 жылдар аралығында облыстағы су айдындарында жалпы 252 адам қаза болып, оның ішінде 140 бала болған.

«Қайғылы оқиғалардың негізгі себептері - балаларды есік алдындағы суаруға арналған арықтардың жанында үлкендердің қарауынсыз қалдыру, балалардың шомылуға рұқсат етілмеген ауыл маңындағы каналдарға шомылуы, күннің суықтығына қарамастан таулардың ортасында орналасқан сарқырамаға түсіп, өз күшін дұрыс бағаламау», - деді Ерік Темірханұлы.

Бүгінгі таңда су айдындарындағы қауіпсіздік мәселелері бойынша профилактикалық жұмыс қарқынды ұйымдастырылуда.

Аудандық және қалалық төтенше жағдай қызметкерлері аудандық, қалалық жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, 142 рейд жүргізген.

85 азаматқа әкімшілік айыппұл салынған.


Соңғы жаңалықтар