Түркістан облысында жол жабылып, тау ортасындағы ауыл қар құрсауында қалып қойды

None
None
АЩЫСАЙ. ҚазАқпарат - Кенді таудың арасында орналасқан Ащысай ауылына баратын жолдар уақытша жабық, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері және №12 ӨСБ жеке құрамымен бірлесіп, қолайсыз ауа райы кезінде жол талғамайтын «КАМАЗ» жүк көлігімен Ащысай ауылы тұрғындарына көмек қолын созды.

Қар құрсауында қалған Ащысай ауылындағы 40 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті.

22-24 қаңтар аралығында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты таулы аудандардағы Кентау-Ащысай автокөлік жолдары жабылды.

Табиғаттың тосын мінез танытуынан тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында интернет желілерінде ауа райы бұзылатыны ескертіліп, хабарландыру жарияланды.

Хабарландыруға қарамастан алыс жолға шыққан тұрғындар қар құрсауында қалып, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

Кентау қаласындағы №12 ӨСБ байланыс бекетіне жолда қалып қойған автокөлік иелерінен көмек сұраған қоңыраулар көбейген.

Жедел құтқару жұмыстарына Кентау қаласының төтенше жағдайлар бөлім қызметкерлері және №12 ӨСБ жеке құрамымен қатысты.


Соңғы жаңалықтар