Түркістан облысында жол ережесін бұзғандарға 4 млрд теңге айыппұл салынды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында жол ережесін бұзғандарға 4 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, облыс көлемінде болған жол - көлік оқиғаларының саны былтырғы жылмен салыстырғанда 14,8 % - ға, қаза болғандардың саны - 5,4 % - ға, жарақат алғандардың саны - 23,1 пайызға төмендеді. Оның ішінде республикалық маңызы бар тас жолдарда болған апат саны 16 % - ға азайған.

Бұл мәселе облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы мәжілісінде қаралды.


Жыл басынан бері облыс жолдарында арнайы автоматты құралдармен 265 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталған. Олар бойынша 4 млрд. теңгегеге жуық қаражатқа ұйғарымдар шығарылып, жартысынан астамы өндірілген.

Полиция жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерін айқындады.

Атап айтар болсақ, жылдамдықты арттыру, маневр жасау, сонымен қатар, облыстағы жол сапасының жақсарғандығынан жүргізушілердің басым бөлігі жылдамдықты шектен тыс асырып, қиылыстар мен бұрылыстарда апатқа ұшырауда. Сондай-ақ үй жануарларының тосыннан жолға шығуынан болған апат саны артқан. Сондықтан ішкі істер органдары жол бойында қараусыз жүрген үй жануарларының иелерін әкімшілік жауапқа тарту мәселесін көтерді.


Соңғы жаңалықтар