Түркістан облысында жоғалып қалған 3 жасар бүлдіршін тойхана маңынан табылған

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Арыс қаласында аулада ойнап жүрген 3 жасар бүлдіршін жоғалып кеткен. Баланы өздігінен таба алмаған ата-анасы полицияға арызданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүлдіршіннің анасы ұлының кешкі сағат 19:15-тер шамасында есік алдында ойнап жүргенін айтқан. Содан соң анасы артынан іздеп шыққан кезде жоқ екенін байқаған.

Баланы шұғыл іздестіруге кіріскен тәртіп сақшылары сол аймақты көліктерімен аралап, көшелердің арасындағы қуыстардың барлығын түгелімен қарап шыққан. Осылайша жедел жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде бүлдіршін екі сағаттың ішінде ауыл ішінде орналасқан тойханалардың бірінің алдында ойнап жүрген жерінен табылған.

Ол тез арада ата-анасына жеткізілген.


Соңғы жаңалықтар