+7 (701) 759 90 19
USD 376.84 EUR 407.97
RUB 5.91 CNY 53.80
Jańalyqtar

Түркістан облысында жасөспірімдердің құқық бұзуы едәуір төмендеген - форум

2020 жылғы 22 қаңтар 22:18
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында жасөспірімдердің құқық бұзуы едәуір төмендеген - форум

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында жасөспірімдер тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтар едәуір төмендеген.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада жастарға кеңес беру күні өтеді Талдықорғанда 18 ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы тұрғын ұсталды Түркістан облысында түйе шаруашылығын дамыту қолға алынбақ

Бұл туралы республикалық қоғамдық белсенділер мен прокуратура және ішкі істер органдары қызметкерлері қатысқан «Қауіпсіз балалық шақ» атты ашық форумда сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық прокуратура ұйымдастырған шараға аймақ әкімі Өмірзақ Шөкеев пен жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қала және аудан әкімдері мен құқық қорғау және бақылау органдарының басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ еріктілер қатысты.

Форумда облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров кәмелетке толмағандардың проблемалық мәселелерін барлық мүдделі органдар және қоғам өкілдерімен ашық диалог форматында талқылаудың өзектілігі мен қажеттігін атап өтті.

Оның сөзінше, ішкі істер органдарында есепке алынған балаларды тәрбиелеу мен психологиялық қөмек көрсету мәселесіне ден қойылған. Осы орайда облыс әкімдігінің қолдауымен бастау алған «Бес терек» жобасы жүзеге асуда. Бес түрлі маманның біріккен зерделеу жұмыстары жақсы нәтиже беріп отыр. Жаңа жобаға басқа облыстар да қызығушылық танытуда. Сондай-ақ, атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде өңірде ағымдағы жылы балалар арасындағы суицид 32%, жыныстық зорлық-зомбылық 22,7%, кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған құқықбұзушылық 16%, оларға қатысты жасалған қылмыс 4,8 пайызға төмендеген. Бала өмірі, тәрбиесі мен әл-ауқаты мәселелері өңірде бастау алған алғашқы ашық форумның негізгі әңгіме өзегіне айналды.

Форум барысында білім ұяларында күзетті күшейту мен балаларды жан-жақты дамытуға бағытталған үйірмелерді көптеп ашу туралы айтылды. Басқосуға арнайы қатысқан республикалық қоғам белсендісі Рафаэль Гасанов балалар үйінің түлектеріне арналған қолдау көрсету орталығын ашу туралы ұсынысын жеткізді. Ол өткен жылы Өмірзақ Шөкеевтің бастауымен өткен жиын барысында көтерілген өзекті мәселелердің оң шешімін тапқанын тілге тиек етіп, алғысын білдірді. Өмірзақ Естайұлы көтерілген ұсыныстарды қолдап, қоғам тарапынан ұсынылған барлық ой-пікірлерді талқылауға дайын екенін жеткізді.

«Атқарылған жұмыстардың арқасында үлкен жетістікке қол жеткізіп отырмыз. Үгіт-насихат жұмыстарына үкіметтік емес ұйымдарды тартып, қосымша білім беру желісін ұлғайту қажет. Бұл балаларды келеңсіз ойлар мен әрекеттерден арашалайды. Мектептерде жолда жүру ережесін кеңінен түсіндіру керек. Сынып жетекшілері мен балалардың өзара сенімін арттыруға назар аударып, мектептер мен колледждердегі педагог-психологтардың біліктілігін арттыру және жайсыз отбасылармен жұмыс жүргізуді жетілдіру қажет», – деді форумды түйіндеген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Аймақ басшысы аудан мен қала әкімдеріне, салалық басқарма басшыларына прокуратура және басқа да уәкілетті органдар баяндамаларында айтылған сын-ескерпелерді ретке келтіруді тапсырды. Форумға қатысқан еріктілер аталған жұмыстарға белсенді араласатын болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT