Түркістан облысында жасөспірімдер арасында 500-ден астам құқықбұзушылық анықталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында полицейлер «Қауіпсіз мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін сақтау мақсатында ұымдастырылған шарада 500-ден астам құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қауіпсіз мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасында 900-ге жуық оқу орындары қамтылып, кәмелетке толмаған 371 жасөспірімге құқықтық кеңес берілді. Ішкі істер органдары бастамасымен құқықбұзушылық профилактикасы жөнінде 197 кеңес өткізіліп, кәмелетке толмағандар есебінде тұрғылықты мекенжайы бойынша 500-ден астам бала тексерілді. 523 қолайсыз отбасы тексеріліп, түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты 526 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 35 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу және ұсақ бұзақылықпен, жасөспірімдер арасында бұзақылық пен алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы бойынша 394 жасөспірім анықталып, тиісті шаралар көрілген.


Соңғы жаңалықтар