Түркістан облысында жаңадан құрылған ауданның әкімі жастармен кездесті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жаңадан құрылған Келес ауданының әкімі Ақментай Үсенұлы жастармен кездесті. Абай ауылында орналасқан №13 колледжге барған аудан басшысы оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысып, жатақханада болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы Н. Назарбаевтың ағымдағы жылды «Жастар жылы» деп атауы ауыл жастарына да серпін беріп отыр. Осы ретте, Келес ауданының әкімі Ақментай Үсенұлы жергілікті жастарға барынша қолдау көрсету мақсатында, олармен бірнеше кездесу өткізіп те үлгерді. Орта арнаулы оқу орнында аудан басшысы белсенді жастармен ашық сұхбат алаңын құрды. Олардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, қоғамдағы өзекті мәселелерді бірге талқылады. Студенттердің пікірін біліп, ұсыныстарын тыңдады. Алдағы уақытта қоғамның белсенді жастары болуға шақырды.


Айта кетейік, 400 жасқа арналған аталған аудандағы жалғыз колледжде студенттерге барлық жағдай жасалған. Оқу орнындағы жатақханада жылы су, алғашқы медициналық көмек көрсететін орын және жастардың бос уақытта жиналатын демалыс бөлмелері бар. Сондай-ақ колледжде спорт залы, асхана, мәдениет залы мен кітапхана ашылған. Бұдан өзге, студенттердің қолымен жасалған құрал-жабдықтар, киім-кешектер мен техникалық заттар қойылған арнайы көрме тұрақты жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар