Түркістан облысында жаңа қаржы пирамидасы анықталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында «Не работа» атты қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегін анықталып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан топ 2019-2021 жылдар аралығында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін тартылған қаражатты өз бағытына пайдаланбай, жеке тұлғалардан қаржылық пирамидаға активтерді тартуды қамтамасыз еткен.

Пирамидаға тартылған қаражат сомасы 80,5 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.


Соңғы жаңалықтар