+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Түркістан облысында жаңа футбол командасы пайда болды

2020 жылғы 21 ақпан 22:52
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында жаңа футбол командасы пайда болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан біріншілігінің екінші лигасында Түркістан облысынан тағы бір команда ойын көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футбол: «Қайратқа» ресейлік жартылай қорғаушы келді Футболдан Чемпиондар лигасының финалы кейінге шегерілді Футбол: Қазақстан құрамасының жолдастық кездесу ойындары өткізілмейді

«Темірлан» командасы 2020 жылдың қаңтар айында құрылған. Команда Түркістан облысы Ордабасы ауданының орталығы - Темірлан елді мекенінің атынан сынға түседі. Елді мекен Шымкент қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан.

Команда өз ойындарын Темірлан елді мекеніндегі Қажымұқан атындағы стадионда өткізеді. Стадион 1000 жанкүйер қабылдай алады.

«Темірлан» командасына бас бапкер қызметіне 64-жастағы маман Шайзидин Кенжебаев тағайындалды. Оған Фанас Салимов пен Рахматулла Жакудаев көмекшілік жасайды.

Команда алғашқы оқу-жаттығу жиынын Шымкент қаласында өткізді. Енді 21 ақпан мен 9 наурыз аралығында Өзбекстанда екінші оқу-жаттығу жиынына барады.

Команда жергілікті жастардан құралған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Түркістан облысы, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT