Түркістан облысында туысының атынан несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда Қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленушінің айтуынша бейтаныс тұлға атынан онлайн-несие алып, 330 мың теңге шығын келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Біраз уақыт өткен соң берешектері көбейіп, банктен хабар келгенде, жәбірленуші тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұраған. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Түркістан ҚПБ полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде, полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Ол жәбірленушінің танысы болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті азамат қоңырау соғу үшін жәбірленушіден ұялы телефон сұраған. Содан күдікті азаматқа жәбірленуші әйел телефонын береді. Алайда күдіктінің мақсаты басқа болып шықты. Ол өз арам ойын жүзеге асыру үшін түрлі әдіспен, өзгенің атынан несие рәсімдегені белгілі болды. Күдікті өз кінәсін толық мойындап отыр. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта». Бұрын сотты болған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.


Соңғы жаңалықтар