Түркістан облысында трассалар қардан тазартылып жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан өңірінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қардан тазарту және тайғақты жерлерге құм-тұз қоспасын шашу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күннің суытуына байланысты 18-19 қаңтар күндері облыстағы жолдарға 933 750 шаршы метр инертті заттар шашылды. Жолдарды қыста күтіп ұстау үшін 354 жұмысшы, 125 бірлік арнайы техника жұмылдырылып отыр.

2021 жылдың 23 қарашасынан бастап республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 321 шақырымы ақылы жүйеге енгізілген болатын. Ақылы жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын «Шымкент-Ташкент», «Шымкент-Тараз» бағыттары бойынша - «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС, «Шымкент-Қызылорда» бағыты бойынша - «South Road» ЖШС жүргізуде. Қалған 402,1 шақырым - «Қазақавтожол» ЖШС тиесілі.

Қысқы маусымда қауіпті саналатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 4 жылыту бекеті орналасқан. Олардың әрбірі бір мезгілде 30 адамды қабылдай алады. Жалпы қысқы маусымға көктайғаққа қарсы 8 500 текше метр құм, 675 тонна инертті материалдар дайындалған. Сондай-ақ, азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, жылыту үшін көмір отыны да түсірілген.


Соңғы жаңалықтар