+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Түркістан облысында тарауих намазын далада оқуға рұқсат берілді

2021 жылғы 7 мамыр 18:36
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында тарауих намазын далада оқуға рұқсат берілді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа қаулыға сәйкес, діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметіне ұжымдық Құдайға құлшылық ету және бұқаралық іс-шаралар, оның ішінде «жұма», «тарауих», «айт» намаздарын санитарлық талаптарды сақтай отырып оқуға рұқсат берілді.

Алайда арақашықтық бір адамға кемінде 4 шаршы метр болуы тиіс.

Мешіттер, православ шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намаз», күнделікті православ дұғалары және басқа) ашық ауада өткізе алады.

Дегенмен маска режимі сақталуы тиіс. Бір адамға кемінде 4 метр есебімен әлеуметтік қашықтықты сақтау талап етіледі.

Қаулыны меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті саналады.

Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT