23:36, 12 Маусым 2021 | GMT +6
Түркістан облысында табылған 6-ыншы турист 17 жаста болған – ҚР ТЖМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысында табылған 6-ыншы турист туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, табылған мәйіт 2004 жылы туған жігіттікі екендігі анықталды. Жоғалған жігіттің әкесі өз ұлының денесін таныды», - деді ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен.
Еске салайық, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 12 маусымда Түркістан облысының тауларында жоғалған 6-ыншы туристің денесі табылғанын мәлім еткен болатын.
21 мамыр күні Түркістан облысының «Сары-Айғыр» шатқалына жаяу бет алған 7 турист жоғалып кетті. 24 мамырда олар кері қайтуы керек болатын. 25 мамырда туристердің жоғалғаны туралы «112» пультіне хабар берілген.
28 мамырда 7 адамның 3-еуі табылып, құтқарылды. Ал 29 мамыр күні екі туристің денесі табылды.
Бүгін ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли қалған екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлім еткен болатын.