Түркістан облысында шалғайдағы елді мекен тұрғындарына құқықтық кеңес берілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылдық округінде «Халық заңгері» науқаны өткізілді. Аталған шара ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құқықтық кеңес барысында тұрғындар білім, денсаулық, еңбек, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы мен жер салалары бойынша сауалдарына жауаптар алды. Білікті мамандар заң аясында ашық түрде кеңесін беріп, жергілікті халыққа жан-жақты түсіндіріп өтті.

Жалпы 150-ге жуық тұрғынды қамтыған игі науқанның негізгі ерекшелігі – аудан-қалалардан қашық орналасқан елді мекендердің тұрғындарына құқық тұрғысынан қажетті ақпараттармен ой бөлісу, әрі оларды алаңдатқан заң саласындағы мәселелер бойынша нақты кеңес беру болды.

Азаматтарға тегін құқықтық қолдау танытқан тәжірибелі мамандардың кеңесіне халықтың басым көпшілігі атаулы әлеуметтік көмекті алу мен жер телімдеріне қажетті құжаттарды рәсімдеу, тұрғын-үй мәселелері бойынша жүгініп, толыққанды жауап алды.

Айта кетсек, елімізде қолға алынған «Халықтық заңгер» науқаны қарапайым қазақстандықтар үшін тиімді және дәстүрлі жобаға айналып отыр.


Соңғы жаңалықтар