Түркістан облысында пойыздың тоқтату кранын қосқан жолаушы жауапкершілікке тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл сегіз айда ІІМ Көліктегі полиция департаменті пойыздардың тоқтату кранын іске қосқан 27 фактіні тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«5 қыркүйекте Жамбыл облысының «Бурылбайтал-Қарасай» аралығында тоқтату кранын қолдануына байланысты «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Алматы-2» бағытындағы жолаушылар пойызы кенет тоқтаған. Жоспарланбаған аялдау 4 минутқа созылды. Тексеру барысында көлік полицейлері заңға қайшы әрекет жасаған жолаушыны анықтады. Ол Түркістан облысының 42 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның мас күйінде тоқтату кранын жұлып алғаны анықталды», – деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев айтты.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес оның «орташа дәрежедегі» масаң күйде болғаны анықталды.

Тоқтату краны тек ерекше жағдайда ғана қолданылады, яғни вагонда жолаушылардың өміріне немесе қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақау пайда болған кезде, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Пойыз көпірде немесе көпірдің астында және жолаушыларды эвакуациялауға жол бермейтін басқа да жерлерде тұрып қалған жағдайда оны қосуға болмайды.

«Көлік сақшылары құқық бұзушыны пойыздан түсіріп, ҚР ӘҚБтК – нің 440-бабы 1-бөлігі, яғни ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу және 560-бабының 1-бөлігі, яғни қажетсiз ретте пойызды заңсыз тоқтату бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды», - деді О.Бекиев.

Оның айтуынша, жыл басынан бері әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін көлік полицейлері 30 667 адамды ұстады, оның ішінде ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін – 3 186 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ, тоқтату кранын жұлып алуға қатысты 27 жағдайы тіркелген.


Соңғы жаңалықтар