Түркістан облысында өзен, көлдер мен су қоймалары бақылауда

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы аумағында су тасқыны жағдайы Сырдария өзенімен тікелей байланысты болғандықтан қатаң бақылауға алынған.

Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрғали Жүнісов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрғали Жүнісовтың айтуынша, бүгінгі таңда Сыр өзенінің арнасында судың ағысы қалыпты. Өзеннен бастау алатын каналдардың елді мекендерге қаупі жоқ. Өңірде жалпы саны 40 су қоймасы орналасқан болса, олардың арасында ешбірі қараусыз қалмаған. Қазіргі таңда Шардара су қоймасының толуы 77%, Көксарай су реттегішінің толуы 37 % құрайды.

«Сырдария өзені аумағында орналасқан елді мекендердегі дамбаларды қайта зерделеу жұмыстары жүргізілді. Барлық су қоймалары мен өзен сулары департамент қызметкерлерінің күнделікті бақылауында. Көктемгі су тасқыны қауіпті маусымда департаменттің жалпы 284 жеке құрамы мен 34 бірлік техника, 12 дана қайық пен 35 дана мотопомпа дайындыққа келтірілген»,-деді департамент басшысы.

Сондай-ақ, төтенше жағдалар саласының өкілдері тұрғындарды иісті газдан уланудан сақтанып, өрт қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Негізінен жыл басынан бастап облыс аумағында 59 өрт дерегі тіркелді. Өрттен 143 млн. 370 мың теңге материалдық шығын келтірілген.


Соңғы жаңалықтар