Түркістан облысында өткен жәрмеңкеде жергілікті тұрғындар тұрақты жұмысқа орналасты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Түлкібас ауданында өткен «Бос жұмыс орындары мен лауазымды қызметтер» жәрмеңкесінде жергілікті тұрғындар тұрақты жұмысқа орналасты. 54 жұмыс беруші мекемелерден 166 бос жұмыс орындары туралы орындар ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бос жұмыс орындарының ішіндегі сұраныстың көп бөлігі білім саласынан түсті. Атап айтқанда, орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, математика және физика пәндерінің мұғаліміне сұраныс жоғары болды. Қазіргі таңда аудан мектептеріндегі барлық педагогикалық бос жұмыс орындары «jumуs.sitcen.kz» сайтында жарияланып, жұмысқа конкурс негізінде қабылданады. Үміткер осы сайтқа жеке электронды пошта арқылы тіркеліп, өтініш тастау арқылы конкурсқа қатыса алады. Жәрмеңкеге жұмыс іздеп келген педагогтарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, конкурстан өту ұсынылды. Жұмыссыз жандар сондай-ақ, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жастар практикасы мен қысқа мерзімдік кәсіптік білім алуға шақыртылды. Оларға оқыту курстарына қатысу тәртібі түсіндіріліп, бағдарламаға қатысуға болатыны жеткізілді. Жәрмеңке қортындысымен 32 жұмыссыз азамат бос жұмыс орындарына жолданды. Жастар практикасына 7 жас жіберілсе, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына 47 азаматтың құжаттары қабылданды.

Соңғы жаңалықтар