+7 (701) 759 90 19
USD 420.32 EUR 509.34
RUB 5.7 CNY 64.85
Jańalyqtar

Түркістан облысында олимпиадалық емес спорт түрлері дами түспек

2020 жылғы 27 қараша 15:09
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында олимпиадалық емес спорт түрлері дами түспек

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері бас қосты. Спорт жанашыларының кездесуінде олимпиадалық емес спорт түрлерінің халықаралық имиджін көтеру бағытындағы жобалар талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірлестіктің құрметті президенті, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы, генерал-майор Әбілсейіт Дүйсебаевтің айтуынша, жоспарға сай келер жылы атқарылу тиіс жұмыстар аз емес. Сондықтан, жастар арасында бұқаралық спортты насихаттауды жетілдіре түсудің маңыздылығы жоғары. Жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов бірлестіктің бастамаларына қолдау білдіруге дайын екендігін жеткізді.

«Биыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан Ә.Нұрмаханов атындағы ОРМБЖСМ-не олимпиадалық емес 8 спорт түрін дамыту бағытында 15 штат бірлігі берілді. Осы аталған бөлімдерде қазіргі таңда 462 спортшы спортпен тұрақты түрде шұғылдануда», - деді «Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Дәурен Тәңірбергенов.

Кеңестен кейін бірлестік мүшелері «Túrkistan arena» стадионын аралап көрді. Халықаралық талапқа сай спорт ғимаратынан бірлестік мүшелеріне арнайы жеке бөлме берілетін болды. Олимпиадалық емес спорт түрімен айналысатын спортшылар жаттығу залдарында шынығуға мүмкіндік алатыны айтылды. Сондай-ақ, Түркістан қаласында ашылған «Туризм және меймандостық университеті мен бірлестік арасында екі жақты меморандумға отыру бойынша келісім жүргізілген болатын. Меморандум бойынша университет ішінен спорт клубын ашу, спорт залдарында оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру жоспарлануда. Мектеп спортшыларын аталған университетте гранттық негізде оқыту және жатақханамен қамтамасыз ету қарастырылған. Айта кетейік, Түркістан облысынан Нұр-Сұлтан қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында ушу және кунг-фудан өтіп жатқан ҚР чемпионатына 10 спортшы, Шымкент қаласында муайтайдан жастар мен жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігіне 11 спортшы қатысуда.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT