Түркістан облысында облыстық және республикалық маңызы бар жолдар жабылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында қатты бораннан облыстық және республикалық маңызы бар жолдар жабылды. Бұл туралы өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімет етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін сағат 12:30-да республикалық маңызы бар А-2 «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» автожолының 593 - 654 шақырымы (Түлкібас ауданы, Машат ауылы) бөлігінде ауа райының нашарлауына байланысты барлық көлік түріне қозғалыс тоқтатылды. Себебі, бұрқасын жел мен қар, көрінудің нашарлауы жолда жүруге кедергі келтіруде» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бүгін сағат 11:30-да, Кентау қаласы, облыстық маңызы бар КХ-56 «Жамбыл-Құмкент-Шолакқорған-Ащысай» а/ж 44-124 шақырымы бөлігінде ауа-райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды.

Өңірдің төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға елді мекендерден тыс жерлерге шығу қауіпті екенін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар