Түркістан облысында нөсер мен қар салдарынан кей аудандар жарықсыз қалды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында Түркістан облысында жауын-шашын мен қардың салдарынан аудандарда жарық сөніп қалды. Ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен елді мекендерді кезең-кезеңімен электр жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарыағаш аудандық әкімдігінің мәліметінше, 8-9 сәуір аралығында болған қатты нөсер салдарынан Сарыағаш қаласы мен 7 ауылдық округтерде ағаштар құлаған. Электр сымдары үзіліп, 27 213 абонент жарықсыз қалды. Жарықты қалпына келтіру мақсатында аудандық электр жүйесі тарапынан 7 бригада мен 7 техника жұмылдырылып, электр желілерін қосу үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, табиғи газ құбырлары да зақымданып, кейбір елді мекендерде табиғи газ беру уақытша тоқтатылған.


«Қазіргі таңда аудандық газ жүйесі мекемесі тарапынан 2 арнайы техника және 3 бригада жұмылдырылып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ауданның ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен елді мекендердің барлығы кезең-кезеңімен электр жүйесіне қосылатын болады. Орын алған жағдай аудан әкімдігі тарапынан бақылауға алынды» делінген аудан әкімдігінің Facebook-тегі парақшасында.

Дәл осындай келеңсіз жағдай Келес ауданында да орын алған. Аудан әкімдігінің мәліметінше, Абай ауылы мен 7 ауылдық округте электр желілері үзілген. Орын алған апатты жоюға 6 бригада, 6 техника және 38 адам жұмылдырылды.


«Жағдай аудан әкімдігі тарапынан бақылауға алынып, тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Ауданның ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен елді мекендердің барлығы кезең-кезеңімен электр жүйесіне қосылатын болады», - деп атап өткен аудан әкімдігі Faceboo k-тегі хабарламасында.



Соңғы жаңалықтар