+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жандар жаңа қоларбалардың сапасын сынап көрді

2020 жылғы 24 қаңтар 20:38
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жандар жаңа қоларбалардың сапасын сынап көрді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жандар жаңа қоларбалардың сапасын сынап көрді. Мұндай шара өңірде алғаш рет болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында ашылған Call–орталыққа мыңға жуық тұрғын хабарласқан Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 135-ке жетті Алматы кардиологтары тұрғындарға видео және телебайланыс арқылы кеңес беретін болады

Қоларба сапасына наразылықтың жиі туындауына байланысты бірнеше тараптың басын қосқан облыс басшылығы, мемлекет тарапынан берілетін әлеуетті өнім сапасын арттыруды көздеп отыр.

Осыған қарай облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев мүгедектігі бар азаматтар мен тауар жеткізуші әлеуетті өнім берушілер ретінде қоғамдық мүгедектер ұйымдары арасында дөңгелек үстел өткізді. Басқосуда көру, есту қабілеті жағынан мүгедектігі бар азаматтарға мемлекет тарапынан берілетін оңалтудың техникалық құралдары жөнінде де пікір алмасты. Кездесу барысында әлеуетті өнім берушілер өз тауарларын таныстырды. Ал, қоларбаны тұтынушылар олардың сапасы мен ыңғайлылығын сынап көрді. Мүгедектігі бар азаматтар қоларбалар мен балдақтардың сапасын сынақтан өткізіп, бірқатар талап қойды. Балалар мен ересектерге арналған қоларбаға таңдау жасауға атсалысқан билік басшылары ең алдымен олардың сапасы мен өндірушісіне назар аударылатынын жеткізді. Сондай-ақ, алдағы уақытта арбаға таңылған азаматтың салмағына мен бойына қарап таңдау жасалатын болады. Осылайша тараптар өзара пікір алмасып, ортақ мәмілеге келді.

Айта кетейік, бүгінде республикада тұратын мүгедектігі бар адамдардың 14% Түркістан облысының азаматтары құрайды. Яғни, 682 мың азаматтың 93 мыңы облыстың үлесінде. Олардың ішінде 3 мыңнан астамы қоларбаларды пайдаланады. Жыл сайын облыс бюджеті есебінен ауыстыру мерзіміне қарай мыңнан астам адам қоларбамен қамтамасыз етіледі. Өткен жылы барлығы 1924 қоларба таратылған болатын. Жыл ішінде бұл көрсеткіштер қоларбалардың ауыстыру мерзіміне қарай қосымша өзгеруі мүмкін. Ауыстыру мерзімдері қоларбалардың түрлеріне қарай ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес белгіленіп, бөлмелік қоларбалар – 7 жылға, серуендік қоларбалар - 4 жылға беріледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT