Түркістан облысында мектеп кітапханалары жаңартылады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы 108 мектеп кітапханасы жаңартылады. Бұл, облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының бастамасымен жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселен, Түлкібас ауданына қарасты 42 білім беру мекемесінің кітапханалары модернизациялауға еніп отыр. Бұл жобаға сәйкес, қызметтердің сапалы жаңа жүйесі құрылмақ. Кітапханаларды білім алу, коммуникация және бос уақытты өткізу үшін көпфункционалды орталықтарға айналдыру қолға алынбақ.

Жаңғыртудан кейін жаңа кітапханалар тек кітап оқитын орын ғана емес, оқушылар сонымен қатар өздерінің шығармашылық әлеуетін іске асыратын болады. Оқушылардың демалып, жүздесетін орынға айналады.

Сонымен бірге, қолға алынған жұмыстар кітапхана ісін жаңғыртуға, жаңалықтарды игеруге, кітапханашылардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Осы мақсатта Түлкібас аудандық білім бөлімі «100 кітап» жобасына еніп, қазақ тіліне аударылған 26 атаумен 2100 дана көркем әдебиеттер және балалар әдебиеттерімен толықтырылған.


Соңғы жаңалықтар