Түркістан облысында коронавирус жұқтырған адамдар саны екі есеге төмендеді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында коронавирус жұқтырған саны екі есеге төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

Түркістан облысы бойынша қазіргі таңда 930 инфекциялық, 300 карантиндік және 98 реанимациялық төсек-орын ұйымдастырылған. Бүгінгі таңға, инфекциялық төсек-орындар санының жүктемесі - 38,2%, карантиндік төсек-орынның жүктемесі – 3,3%, реанимациялық төсек-орындар санының жүктемесі – 35,6%. Бұл туралы облыстың бас дәрігерінің орынбасары Алтын Досанова айтты.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта, Түркістан облысы КВИ аурушаңдығының көрсеткіші бойынша ҚР бойынша жасыл аймақта орналасқан.

«Түркістан облысына ақпан айынан бастап жалпы 974 435 доза вакцина жеткізілді. Бүгінгі күнге дейін – 911 899 адам 1-компонентпен вакцина қабылдады. Сонымен қатар, 22 ақпаннан бастап 2-кезең вакцинациясы өткізіліп, 974 435 дозадан барлығы 791 298 адамға салынды. 1-кезең бойынша вакцинациялау қамту пайызы – 87,1%, 2-кезең бойынша вакцинациялау қамту пайызы - 75,6%», - деді Алтын Мейрамбайқызы.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан облыстың бас санитариялық дәрігерінің орынбасары Асқар Ысқақов соңғы аптада облыста коронавирустық инфекция аурушаңдығы 2,5 есеге, пневмонияға шылдыққандар саны 2,6 есеге төмендегенін айтты.

«2021-2022 жаңа оқу жылында облыста 290 оқушы коронавирус инфекциясына шалдықты. Оның 78-і мектепке дейін жазға каникул кезінде жұқтырған. 10 маусым 5-қазан аралығында «Ashyq» бағдарламасы бойынша үй карантинін бұзудың Түркістан облысында 1 100 фактісі тіркелді. Облыста «қызыл» мәртебесімен үй карантині талаптарын бұзған 360 тұрғынның 192 не «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі бойынша айыппұлдар салынды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар