Түркістан облысында көмір қанша тұрады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы бойынша жалпы көмір отынының қажеттілігі 850 мың тоннадан асады. Оның ішінде 240 мың тоннадан астамы коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке бағытталса, тұрғындар үшін 600 мың тоннадан аса көмір қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бюджеттік мекемелердің көмір отынына қажеттілігі 143 мың тоннаға жуық және ол 100 пайыз тасымалданған. Өңірде көмір тапшылығы жоқ. Жылыту маусымының барысы туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен мәжіліс отырысында қаралды.

Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Р.Тұрғамбаевтың баяндауынша, өңірде көмір тасымалдайтын 24 мекеме бар. Тұрғындар үшін темір жол тұйығы бар елді мекендерде 1 тонна Шұбаркөл отынның бағасы 14700 - 20000 теңге аралығында, ал темір жол тұйығы жоқ елді мекендерде 20 000 - 26 000 теңге арасында саудаланып жатыр.

Жауапты мекеме басшыларына қатты отын бағасының көтерілуіне жол бермеу бойынша хат жолданды.

Жиында сондай-ақ, елді мекендерді газдандыру мәселесі де сөз болды. Қазір бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыс барысы қарқынды. Өңірде құрылысы аяқталған 300-ге жуық газбен қамтамасыз ету нысандарын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олардың бірқатары жыл соңына дейін пайдлануға беріледі. Соңғы мәлімет бойынша Түркістан қаласында толық табиғи газбен қамтылу деңгейі 85,9 пайызды құрады. Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәлімдеді. Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан жаңа 7 қабатты 10 тұрғын үйде газ беру жұмыстары толық аяқталған. 7 қабатты 14 тұрғын үйдің жылу жүйесі пәтерішілік газ тұтынатын автономды газ қазандықтарымен жобаланған.


Соңғы жаңалықтар