Түркістан облысында көлікпен досын сүйреген жүргізуші табылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында досын көліктің артына байлап сүйреген жүргізуші анықталып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстың полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Instagram-дағы парақшалардың бірінен видео байқаған. Онда бір топ жас жігіт «ВАЗ-2114» маркалы көліктің артына достарын байлап, оны видеоға түсіргені жазылған.

Полицейлердің анықтауынша, оқиға Түркістан қаласындағы көшелердің бірінде болған.

«Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жас жігітке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі («Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жол жүрісі қағидаларында көзделген қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау») және 606-баптың 1-бөлігі («Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы») бойынша хаттама толтырылды.

Жас жігіттер жасаған әрекеттері үшін өкініп, алдағы уақытта мұндай бассыздықтарға жол бермейтінін жеткізген. Жүргізуші Түркістан тұрғыны болса, жанында болған достары Тараз қаласынан келген.


Соңғы жаңалықтар