+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

Түркістан облысында кез келген шаруа жеңілдетілген несие ала алады

2021 жылғы 5 наурыз 22:53
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында кез келген шаруа жеңілдетілген несие ала алады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Көктемгі егін егу жұмыстарына бөлінетін пайыздық мөлшерлемесі төмен несиеге кез келген шаруа қол жеткізе алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Отандық тұқым өндірушілерге басымдық беру ДСҰ талаптарына қайшы - АШМ Тұқым субсидиясына қосымша 4,6 млрд теңге бөлінуі мүмкін Фермерлер 2021 жылғы құрғақшылықтан сақтандыру шарттарын жасай бастады

Жеңілдетілген несиені «Оңтүстік» АИО және «Ырыс» микроқаржы ұйымынан алуға болады.

Түркістан облысындағы диқандардың қаржыны дер кезінде алып, тиімді пайдалануларын қамтамасыз ету мақсатында Қазығұрт, Төлеби, Сарыағаш, Келес, Түлкібас, Сайрам аудандарындағы кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Тиісті мамандар жергілікті халыққа 5 пайыздық несиені қалай алуға болатындығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

«Көктемгі дала жұмысына несие беру, қаржыландыру талапқа сай іске асырылады. Тапсырылған құжаттар ешқандай комиссиялық шығындарсыз, мүмкіндігінше ең қысқа мерзімде қаралады. Несие алушы негізгі қарызды және несие бойынша пайыздарды мерзім соңында өтейді»,- деді «Оңтүстік» аймақтық инвестиция орталығының басқарма төрағасы Мұхтар Әлімханұлы.

Егін егу, жиын-терім жұмыстарына бөлінетін қаражат - жеке тұлғалар, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғаларға басым бағытқа ие барлық дақыл түрлеріне беріледі.

Несиені барлығы бірдей ала алады.

Бастысы, кредит тарихында олқылық болмай, бизнес-жоспары болуы шарт.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT