Түркістан облысында кеурек өсімдігін қазушылар азаймай тұр

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Отырар ауданында кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдік анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қарақоңыр ауылдық округіне қарасты далалық алқаптарда кеурек өсімдігін жинап жүрген 51 шетелдікті анықтады. Олардың 31-і Өзбекстан, 17-сі Тәжікстан Республикасының азаматтары болып шықты.

«Шетелдіктерге ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша шара қолданылып, ел аумағынан аластатты» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Атай кетейік, Түркістан облысында кеурек өсімдігін қазушылар бұдан бұрын да ұсталған болатын.



Соңғы жаңалықтар