Түркістан облысында кенеге қарсы күрес жұмыстары басталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында кенеден жұғатын Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы секілді аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша атқарылатын іс-шаралар қолға алынды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы биыл «Энзоотиялық» ауруларға қарсы көктемгі залалсыздандыру жұмыстарын 30 наурыздан бастайды.

Зиянкестердің табиғи ошақтарында санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырылуда.

Эпидемиялық аумақтарда мұндай шаралар жыл сайын кемінде екі рет, көктем, күз мезгілдерінде өткізіледі. Түркістан облысындағы ветеринария саласы мамандарының алдағы бір айлық жоспары ауқымды. Биылғы 66,8 млн шаршы метр қора мен 28,5 млн шаршы метр мал иірімдер мен суаттар, бұталар залалсыздандырылады. 2,5 млн ірі қара мен 8,4 млн уақ мал дәріленеді.

Аудан, қалалардағы ветеринар мамандар қажетті құрылғылар мен дәрі-дәрмектермен, арнайы киімдермен толық қамтамасыз етілген. Облыс бойынша 2018 жылы 3360 адам кене шағып ауруханаға түскен. Былтыр бұл көрсеткіш 12 % азайған.


Соңғы жаңалықтар