Түркістан облысында Қазпошта кеңсесі жанды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Кентау қаласында «Қазпошта» АҚ бөлімшесінен өрт шықты. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің реми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап хабарлайды.

«5 желтоқсанда сағат 22:58-де «101» пультіне Кентау қаласында үш қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған «Казпочта» АҚ кеңсесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен бойда, қоймада қағаз жанып жатқаны анықталды. Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыды.

От сағат 23:20-да оқшауландырылып, 23:30-да толығымен сөндірілді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталуда», - деді Т.Уәли.

Тілсіз жаумен күреске Түркістан облысы ТЖД 14 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылған.


Соңғы жаңалықтар